қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.05.2020

«STEAM-оқыту: мәселелері мен болашағы» семинары


2020 жылы 26 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының пост-докторанты Талғат Қилыбаев «STEAM-оқыту: мәселелері мен болашағы» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Семинарға кафедра магистранттары, PhD докторанттары және кафедра оқытушылары қатысты.

 

Конференция барысында шет елдерде, соның ішінде АҚШ және Еуропа елдеріндегі STEAM-оқыту ерекшеліктері туралы материалдар ұсынылды. Сонымен қатар еуропалық білім беру кеңістігіндегі STEAM-стратегиялар қарастырылып, қазіргі жағдайы мен болашағы туралы сөз қозғалды. онлайн-Онлайн-конференция соңында қатысушылар баяндама бойынша қойылған сұрақтарына жауап алды. Конференция материалдары қызығушылық танытқан мүдделі тұлғаларға таратылды.

 

   

 

   

 

   

 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы