қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.05.2020

Докторанттар шетелдік ғылыми кеңесшімен вебинар өткізді

 

2020 жылдың 21 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық ынтымақтастық департаменті Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетімен бірлесіп, 2 курс докторанты С.Т. Исалиеваның диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша «Шетелдік студенттер үшін университеттің даму білім беру ортасын жобалау» вебинарын өткізді.

Вебинарға оқытушылар мен Беларусь мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің психология және педагогика кафедрасының меңгерушісі И.М.Малахова, Қазан федералды университетінің сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры Т.Б.Алишев, ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы басшысының орынбасары Г.Жарасова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры А.Т.Құлсариева мен педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі А.Н.Көшербаева қатысты.


Вебинарда қатысушылар ПОСТCOVID-19 контекстіндегі жоғары білімнің интернационализациялау, білім беру қызметтерінің экспорты, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістері, студенттердің оқу жетістіктерін бағалау, шетелдік студенттердің коммуникативті саласын жандандыру және т.б. мәселелерді талқылады.